Партияның негізі - бастауыш партиялық ұйымдар - Ә. Рақымжанов

СТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге арналған алқалы семинар-кеңес жұмысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинар «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 11 жыл толуына арналған «Ашық есік күндері» ауқымды шарасы аясында ұйымдастырылды. Оған Парламент мәжілісінің депутаттары, партия мүшелері болып табылатын қоғам қайраткерлері, студенттер қатысты. Шара барысында бірқатар елорда тұрғындары «Нұр Отан» мүшелері атанып, партиялық билеттерге ие болды.

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рақымжановтың айтуынша, жиынның мақсаты партиялық ұйымдардың мүшелеріне саяси сауат оқыту, ұйымдардың алдағы жұмысына бағдар беру.

«Қазіргі уақыт кезеңінде партия мүшелерімен және жақтастарымен жұмыс жасауда инновациялық шешім қолдану маңызды рөл атқарады. Биыл біз өзіміздің жұмысымызды бастауыш буынның қызметіне жаңаша серпін беруден бастадық. «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы «2010 жыл - Партияның бастауыш партиялық ұйымдары жылы» деп белгіледі. Партияның негізі - бастауыш партиялық ұйымдар», дейді ол.

Оның атап көрсеткеніндей, Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанның 2020 жылға арналған стратегиясындағы мақсат-міндеттер партия жұмысының негізгі өзегі болуы тиіс. «Осы мақсат үдесінен шыға алу үшін бастауыш ұйымдар ел ісінде сырт қалмауы қажет. Партия қызметінің жаңа бағыт-бағдарлары қалыптастырылды. Бастауыш партиялық ұйымдары жұмысының жаңа модельдерін құру, қоғамдық институттармен арадағы ықпалдастықты кеңейту, халықпен жұмыс жасауда бұрыңғы қалпынан бөлек, озық шешімдерді қолдану керек», дейді Ә. Рақымжанов.

Бүгінгі күні елордада партияның 270-ке тарта бастауыш ұйымдары бар, 24 мыңнан аса мүшелері тіркелген. Биылғы жылы, тек соңғы екі айда 900-ге жуық адам партия қатарына өтті.

Соңғы жаңалықтар