Партияның негізі бастауыш ұйымдардан құралады - Қайыржан Тақуов

АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Меніңше, біз әрқилы кеңес, комиссия жұмыстарымен көп әуестеніп кеттік. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Нұр Отан" ХДП жанындағы "Абырой" қоғамдық-консультативтік кеңесінің 4-ші көшпелі отырысында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Партия Төрағасы партиялық ұйымдардың рөлін көтеру туралы айтты. Біз Қоғамдық кеңестерге көп мән беріп, партиялық ұйымдар одан сыртқары қалуда. Оған жол картасы бойынша жасалатын нысандардағы партиялық постарды мысалға келтіруге болады. Менің ойымша, балабақша, мектеп, аурухана және тағы басқа әлеуметтік нысандардың құрылысына ондағы қызметкерлердің өздері мүдделі болып тұрған кезде, оларда қосымша партиялық пост құрудың қандай қажеттілігі бар", дейді "Нұр Отан" ХДП-ның Астана қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қайыржан Тақуов. Оның айтуынша, бұл жұмыс партиялық бастауыш ұйымдардың құзырындағы шаруа болуы керек. Ал оның бәрін аппарат өз қолына жинап алған. Сондықтан, бастауыш ұйымдардың рөлін көтеріп, олардың жауапкершілігін арттыру қажет. Жалпы, партияның негізі бастауыш ұйымдардан құралады.

Соңғы жаңалықтар