15:25, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Пасха күні елордадағы Успенск кафедралдық соборына Иерусалимнен қасиетті от жеткізіледі
СТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Пасха күні елордадағы Успенск кафедралдық соборына Иерусалимнен қасиетті от жеткізіледі.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәсихаты барысында архиепсикоп мәлім етті.
Ол қазақстандық провославиялық тұрғындарды алда келе жатқан Пасха мерекесімен құттықтап, сол күні Алматыдағы Вознесенск кафедралдық соборында діни уағыз оқитынын атап өтті.
Оның айтуынша, елордада жаңадан салынған Успенск кафедралдық соборында қысқа пасхалық уағыз - Мадақ рәсімі жүргізілмек. «Пасха мейрамында көмекшілеріммен бірге қасиетті отты осында әкелеміз. Өткен жылғыдай, Астана және Алматы епархиясының өкілдері қасиетті Иерусалим қаласында болады және түнгі литургия кезінде жағылған қасиетті отты осында жеткізеді», деді архиепископ Александр өз сөзінде.