Павлодар: 1,3 мыңдай мемлекеттік қызметкер аймақтық орталықта біліктіліктерін жетілдіреді

ПАВЛОДАР. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар аймақтық орталығында мемлекеттік қызметкерлердің алғашқы тобы қайта дайындау және біліктілікті жетілдіру курстарын бітірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы жылы шенеуніктердің оқулары үшін арнайы жай бөлініп, стационарлық аудиториялар мен компьютерлік сыныптар жабдықталды. Сабақтарда мультимедиялық жабдықтар мен интерактивті тақталар қолданылды.Мемлекеттік қызметке жаңадан тұрған тыңдаушылар экономика мен қаржы негіздерін, заңнамаларды зерттеді, мемлекеттік менеджмент пен қызметкерлерді басқару дағдыларын үйренді. Оқу орталығы ағымдағы жылы Павлодар облысының 325 шенеуніктері үшін қайта дайындық курстары мен мыңдаған мемлекеттік қызметкер үшін біліктілікті жетілдіру семинарларын өткізеді. Орталық осыған дейінгі 2,5 жылда 3 мыңдай адамды оқытып шықты.
Соңғы жаңалықтар
Референдум