08:37, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Павлодар әкімінің шыршасында үлкен мейірімді айдаҺармен бірге кішкентай ханшайымдар, теңіз қарақшылары мен гномдар көңіл көтерді
ПАВЛОДАР. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімінің қайырымдылық шыршасын аз қамтылған отбасылардан және оқу үздіктерінен шыққан 150 бала бал-маскарадқа айналдырды,
деп хабарлайды қала басшысының баспасөз қызметі.
Бұл жерде ханзадалар мен ханшайымдар, золушкалар мен қызыл телпектер, теңіз қарақшылары мен гномиктар, етік киіп алған мысық пен кейіннен сүйкімді әрі мейірімді екендігі анықталған үлкен қорқынышты айдаһар болды.
Аяз Ата және Ақшақармен бірге балалар ертегі елінде болып, қуанышқа бөленді.
Балаларды Жаңа жылмен қала әкімінің орынбасары Айым Қанафина құттықтап, оларға жақсы көңіл-күй, оқуда табыстар тілеп, жаңажылдық сыйлықтарды табыс етті.
Мереке Естай атындағы Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы дайындаған театрландырылған көрініспен аяқталды.