«Павлодар» ӘКК-ні Алмас Мәдиев басқарды

компанияның жалғыз акционерінің шешімімен Алмас Өскенбайұлы Мәдиев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
А.Мәдиев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді, Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі технологиялық институты мен Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін тәмамдаған.
1997-2003 жылдар аралығында Жамбыл облыстық әкімдігінде әкімнің көмекшісі, экономика басқармасының жетекші маманы, қаржы және әлеуметтік қорғау секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2003-2009 жылдары - Жамбыл облыстық әкімдігінің экономика басқармасының бастығы, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.
2009-2011 жылдары «Оңтүстік» ӘКБ ҰК» АҚ-да қаржы директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2011 жылдан бері Алматыда «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып жұмыс істеген.