11:03, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Павлодар ауданының балалары үшін демалыс лагерьлері мен мен еңбек лагерьлері ашылады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жазғы демалыста Павлодар ауданының барлық мектептерінде төменгі сыныптардың оқушылары үшін сауықтыру лагерьлері ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үш маусымда лагерьлерде 1 518 бала демалады. Мектеп жанынан лагерьлер ұйымдастыруға арнайы қордан 3 миллионнан астам теңге бөлініп отыр - тұрмысы төмен отбасының 1140 баласы ыстық түскі астармен қамтамасыз етіледі. Ал жөндеу-құрылыс бригадаларында 200 жасөспірім жұмыс істейтін болады, тағы соншама оқушы шаруа қожалықтарында еңбек етпек. 2 мыңдай оқушы мектеп жанындағы учаскелерде жұмыс істеп, көшеттерді күтіп-баптайтын болады. Ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалар мен тубвираж диагнозы қойылған балалар Шарбақты ауданындағы «Лесная сказка» және Ертіс жағалауындағы «Электроник» сауықтыру лагерьлерінде демалатын болады.Жаз айларында ауданның 4,3 мыңдай баласы лагерьлерде демалады және еңбек жасақтарында жұмыс істейтін болады.