08:25, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Павлодар ауылдарында күзгі жәрмеңкелер өтуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының шаруа қожалықтарында егін орағының аяқталуы мерекелік жәрмеңкелермен атап өтілуде.

Ақсуда барлық селолық округтердің шаруашылықтары өздері өсірген өнімдердің саудасын ұйымдастырып отыр. Тұрғындарға ет жән сүт өнімдерін, картоп және көкөністер, сонымен бірге, қолдарында мал ұстайтын тұрғындарға - жем-шөп ұсынылуда. Жәрмеңкеде сондай-ақ, қосалқы шаруашылық ұстайтындар үшін тиімді бағамен қойлар, торайлар және тауықтар да сатылды.
Шаруаларды егін орағының аяқталуымен Ақсу әкімі Оразгелді Қайыргелдинов құттықтады. «Қамқорлық» қайырымдылық айлығына белсенді атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Осындай жәрмеңке Железин ауданы орталығында да өтті.