Павлодар қаласында жас саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар бас қосты
Қазақстан Жастары конгресінің қолдауымен өткен форум Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналды.
Оның басты мақсаты - жас саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың мүмкіндіктерін дамыту, мемлекеттік жастар саясатын, жеке алғанда, 2012-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын талқылау болды.
Іс-шараға саясаттану мен әлеуметтану мамандықтарының студенттері, магистранттары, докторанттар және жоғарғы оқу орындардың жас оқытушылары, сондай-ақ әр түрлі сараптамалық құрылымдардың өкілдері қатысты.
ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына және жастар саясатына арналған тағы бір іс-шара «Достық үйі» МСО-да өтті. Ал С.Торайғыров атындағы ПМУ-де Қазақстанның жетекші саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары ізбасарларына шеберлік-сабақтарын өткізілді. Оның барысында мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы талқыланып, «Сараптама баяндамаларды жазу тәсілдері» тақырыбындағы семинар-тренинг ұйымдастырылды.