Павлодар қаласының көпбалалы аналарына «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тапсырылды

ПАВЛОДАР. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина 4, 6 және одан көп баланы тәрбиелеген  аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа»  табыс етті,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

 Ол аналарды жаңа жылмен құттықтай келе, барша отбасыларына бақ-береке тіледі.

 «Менің үлкен қызым 16-да болса, кіші қызым 2-де. Балаларымыз мектепке барып, жетістіктерге жетіп, бізді қуантуда. Сондықтан да мектептің мұғалімдеріне алғысымды білдіргім келеді. Өткен жазда облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен қызым Италияда демалып қайтты», - деді ауыл тұрғыны Әлия Әлжанова.

 Айта кетейік, өткен жылы Павлодарда алтын және күміс алқаларын  65 ана иемденген болатын.

Соңғы жаңалықтар