07:45, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Павлодар: Қазақ тілін білгің келе ме - Абайдың нақыл сөздерін оқы
ПАВЛОДАР. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодарда «Қазақ тілін білгің келе ме? - Абайдың нақыл сөздерін оқы» деген ұранмен Абай оқулары өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Оған 18 бен 30 жас аралығындағы өзге ұлт жастары қатысты.
Барлық қатысушылар ұлы Абайдың шығармашылығын және қазақ тілін жақсы білетіндіктерін көрсетті.
Б. Ахметова атындағы колледждің екінші курс студенті Сулумите Хитриктің таланты мен әртістік қабілеті қазылар алқасын бей-жай қалдырмай, оған бірінші орын берілді. С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті мен педагогикалық институттың студенттері Юлия Авдонина мен Елена Гаркава жүлдегерлердің қатарында. Жеңімпаздар республикалық байқауға жолдама алды.