11:17, 17 Қараша 2012 | GMT +5
Павлодар көркем мұражайында «Орион» фотоклубы жас авторларының көрмесі ашылды
ПАВЛОДАР. 17 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар көркем мұражайында фотовернисаж ашылды.
«Орион» фотоклубының жас жиырма мүшесі экспозицияда 125 фотосурет ұсынды. Бұл пейзаж, натюрморт, портрет және репортаждық суреттер.
40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Орион» жастармен жұмысқа әрқашан үлкен назар аударып, қолдарына таспа алған адамдар үшін кәсіби мектепке айналды.
Клубты қаланың бірінші фотосуретшісі, ХХ ғасырдың басында Павлодарда фотосуреттің бірінші салонын ашқан Дмитрий Багаевтың дәстүрін жалғастырған танымал шеберлер Артур Меттус пен Едіге Ниязов ұйымдастырды. Олардың ізбасарлары бүгін «Үркер» атауымен өтіп жатқан көрмеде өздерінің үздік жұмыстарын көрсетіп, шығармашылық есеп беруде.