Павлодар маңындағы ауылда азаматтық қорғаныс және ТЖ қызметтері халықты «су басу мен өрттен құтқарды»

Құтқарушылар жедел қызметтердің тұрғын үйлер мен автомобиль жолының учаскесін су басу қаупінде, электр желілеріндегі апаттарды жою және пайда болған өртті сөндірудегі өзара әрекетін пысықтады.
Оқуларға қатысушылар зардап шеккендерге «көмек көрсетіп», су басқан көшенің тұрғындарын «қауіпсіз жерге көшірді» және электр сымдарының қысқа тұйықталуынан туындаған «өртті сөндірді».
«Ленинский кентіндегі тактикалық-арнайы оқуға қатысушылар қардың тазартылуына назар аударды. Көшелерден 72 мың тонна қар шығарылды, оқулар күні тазарту жұмыстарына 30 техника қатысты, тұрғын үйлерді су басу жағдайларын болдырмау үшін шаралар қолға алынуда», - деп атап өтті Павлодар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары Александр Коротеев.
«Барлық жедел қызметтер көктемгі су тасқыны күндері қойылған міндеттерді орындауға дайын», - деп қорытты Павлодар қалалық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Бертібаев.