Павлодар мектебінде химия сабағында оқушылар уланып қала жаздады

ПАВЛОДАР.   Қазанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодардағы № 17  мектепте    химия  сабағында  өткен  тәжірибе  оқыс  оқиғамен     аяқталды.
None
None

«Сабақ бағдарламасы  бойынша  оқушылар химия кабинетінде    карбидтің  негізінде    этилен  алу  жөніндегі  тәжірибе  жүргізіп  жатқан.    Қауіпсіздік  техникасы  жөніндегі мұғалімнің нұсқауына қарамастан,  оқушылар немқұрайлық  танытқан -    химиялық реакция  жүріп жатқан  пробиркаларды     тығыз  жаппаған.   Нәтижесінде  газдың біраз бөлігі    ауаға    араласқан»,-деп түсіндірме  берді  болған жайға        қалалық  білім бөлімі  бастығының  орынбасары Тамара Иванова.

Мұғалім      жедел қауіпсіздік  шараларын    қабылдаған.  Кабинетті  желдетіп,  оқушыларға   сүт  ішкізген,   бастары айналған     тоғыз оқушы      облыстық балалар  ауруханасына  жеткізілген.   Онда аллерголог-маман  балаларға  кеңес   беріп,     үйлеріне    қайтарған.  Қазір барлық 26 оқушының  да жағдайы    жақсы.

Соңғы жаңалықтар