Павлодар мектептерінде «Жеңіс алауы» марафоны өтуде

ПАВЛОДАР. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда 20 мектеп атсалысқалы отырған «Жеңіс алауы» марафоны басталды,
None
None

деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.

№22 мектепте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, соғыста қаза болғандар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды, интернационал-жауынгерлерге арналған ескерткіштің құрмет вахтасына қатысушылар атап өтілді.

Майдангерлер мектептің биылғы түлегі, болашақ Отан қорғаушы Азамат Қожайбердиевке Жеңіс алауын табыс етті. 2,5 ай бойы мектептерді аралап шығатын алаудың марафоны мамырдың 5-і күні Даңқ Обелискі жанында аяқталады.

Павлодар оқушылары Ұлы Жеңістің мерейтойына арнап патриоттық әндер конкурсын өткізді. Шараның демеушісі - «Нұр Отан» партиясы - бас жүлдегер атанған №26 мектептің әншілерін сыйлықпен марапаттады, қалған жүлдегерлер де атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар