08:29, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Павлодар мемлекеттік университетінде «Дата орталық» ашылды
ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жаңа жыл қарсаңында «Дата орталық» ашылды,
деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.
Ақпаратты электрондық түрде сақтау қоймасы 64 терабайтты сыйғызады, бұл әрқайсысы 500 беттік 64 млн. кітаппен тең.
«Дата орталықта» ақпарат өңделіп, биылғы жылдың басында жұмыс істей бастайтын электрондық кітапхана қорларында сақталатын болады.
Студенттер өздерінің жоғары оқу орнының сайтына кіріп, университеттің кітап қоймасындағы кітаптарды дәрісханаларда немесе үйде отырып қолдана алады.
ПМУ Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нен кейін өзінің «Дата орталығын» ашқан үшінші жоғары оқу орны болып табылады.