12:43, 20 Сәуір 2013 | GMT +5
Павлодар мемлекеттік университетінің Медиаорталығы Томскідегі фестивальда телевизиялық монтаждың үздігі болып танылды
ПАВЛОДАР. 20 сәуір. ҚазАқпарат - «Университет-ТВ» (Томск) Ресей фестивалінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті медиаорталығының оқу теледидарының зертханасы «Үздік телевизиялық монтаж» аталымының жеңімпазы болды, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.
Павлодарлықтар - Қазақстанның фестивальдағы жалғыз өкілі ретінде қазақ халқының рухани және музыкалық мәдениеті туралы «Қобыздың ғажайып үні» ғылыми-көпшілік фильмін көрсетті.
«Мұндай байқауларға қатысу - ЖОО-ның оқу теледидарының әрі қарайғы кәсіби қызметінің ынталандыра түспек, - деп атап көрсетті оның меңгерушісі Елена Дьяченко - Бұл университеттің ғылыми-зерттеу және мәдени қызметін аймақаралық деңгейде көрсетуге кеңінен жол ашады».
Фестивальда Санкт-Петербург, Воронеж, Омбы, Новосібір, «Томск» МТРК, «Ғылым 2.0» телеарнасының өкілдері өз деректі фильмдерін көрсетті.
Фестивальді ұйымдастырушылар - РФ Білім және ғылым министрлігі, «Сібір ашық университеті» қауымдастығы, Томск облыстық коғамдық палатасы.