Павлодар мен Атыраудағы университетке жаңа ректорлар тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар мемлекеттік университеті мен Атырау мемлекеттік университетіне жаңа ректорлар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мейрам Бегентаев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен комиссия С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Мейрам Бегентаевты тағайындауды ұсынды.

Жоғары оқу орнының басшысын ұжымға ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Ержан Іргебаев таныстырды.

Мейрам Мұхаметрақымұлы әр жылдары жауапты жетекшілік лауазымдарда қызмет етті. С. Торайғыров атындағы ПМУ стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2012-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол, сонымен қатар, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының міндетін атқарды.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Ыдырысовты таныстырды .

Университетте өткен жиынға Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Бүгінгі дейін университеттің ғылым жөніндегі проректоры қызметін атқарған Саламат Нұрмұханұлына әріптестері сәттілік тілеп, алдағы атқарар қызметтеріне сенім білдірді.
Айта кетейік, Саламат Нұрмұханұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі.



Соңғы жаңалықтар