11:27, 13 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар мен Барнаулдың педагогикалық жоғары оқу орындары ықпалдастықты нығайтуда
ПАВЛОДАР. 13 қазан. ҚазАқпарат - Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясының өкілдері Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында болды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
«Біз жоғары оқу орындарымыздың арасында қарым-қатынасты нығайтуды, жаңа бірлескен жобаларды жасауда көздеп отырмыз», - деді акедемия ректоры Ирина Лазаренко.
Шекарамаңы аумақтарының ғалымдары оқу-әдістемелік жұмыстар мен жоғары оқу орындарының академиялық мобильдігі мәселелерін талқылады.
Олардың жоспарында - бірлескен археологиялық-этнологиялық экспедицияларды ұйымдастыру, оқыту бағдарламаларын құру, студенттермен және оқытушылармен алмасу, олимпиадалар мен спорттық жарыстарды өткізу.
Кездесудің қорытындысы бойынша ПМПИ мен АлтМПА арасында ықпалдастық туралы келісімге қол қойылатын болады.