Павлодар мұнай өңдеу зауытына 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының кеңейтілген кеңесі барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

«UP компаниясы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісіп кетті. Ол ағымдағы жылғы қарашаның соңында инвесторлардың қарауына ұсынылатын болады», деді компания басшысы.

Сонымен қатар Қ.Қабылдин Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» «Эни» компаниясымен бірлесіп мұнайгаз саласындағы бірқатар жобалардың негіздемелерін қарастырып жатқандығын да еске сала кетті.

Соңғы жаңалықтар