Павлодар облыстық әкімдігі мен ENRC корпорациясының әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастығы жалғасын табуда

ПАВЛОДАР. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық әкімдігі мен ENRC корпорациясы 2011 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

ENRC бас атқарушы директоры Феликс Вулис пен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев тараптардың әлеуметтік диалогқа дайындығын тағы бір бекітті. Биылғы жылы корпорация аймақты дамытуға 2,4 млрд. теңге бөледі.

«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты ENRC үшін аса маңызды, - деп атап өтті Меморандумға қол қою рәсімі барысында Феликс Вулис. - Біз одан әрі де тығыз ынтымақтастыққа ұмтылыс жасайтын боламыз».

Соңғы жаңалықтар
Референдум