Павлодар облыстық кітапханасында бірінші курс студенттеріне арналған көрме өтті

ПАВЛОДАР. Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  С.Торайғыров атындағы  Павлодар облыстық  кітапханасында  бірінші курс студенттеріне арналған    дәстүрлі көрме  өз  жұмысын аяқтап  келеді.
None
None

Жаңа студент атанғандарға арналған    көрме  үш  апта  бойы жұмыс істеді.  Онда  түрлі  оқу құралдары, анықтама   әдебиеттер  мен энциклопедиялар, яғни   гуманитарлық және нақты    ғылымдар бойынша мәліметтер алуға болатын     басылымдар таныстырылды.  Тұтас  бір бөлім қазақстандық  және дүниежүзілік  тарихтарға  арналды,    электрондық оқулықтар да  кеңінен таныстырылды.

 Көрме кезінде кітапханашылар    залдарға  экскурсиялар     ұйымдастырды,   жаңа оқырмандарды әдебиет іздеу  жүйесімен  таныстырды және  каталогтармен жұмыс істеуді  үйретті.

 Жас оқырмандар     жоғары оқу  орындарының бағдарламалары  бойынша     жалпы және  арнаулы  білім алу  үшін   облыстың бас кітап  қорының  барлық  мүмкіндіктерін  білуі  керек,  деп  санайды    кітапхана қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар