Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары әлеуметтік салаға басымдық берілген келер жылдың бюджетін бекітті

ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның  23-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар  облыстық   мәслихатының  депутаттары    кезекті сессиясында    бекіткен 2010 жылдың  бюджетінде әлеуметтік    салаға  басымдық     беріліп  отыр.
None
None

Атап айтқанда,   білім беру  саласына - 5,4  миллиард теңге  жұмсалады,  бұл     ағымдағы  жылғы көрсеткіштен  7 пайызға   көп.   Келесі  жылы  ашу жоспарланып отырған балаларға арналған  63  шағын орталықты  ұстауға және   шілде айында     көтерілетін     мұғалімдердің  жалақысына    қосымша  қаражат керек. 

8 миллиард теңге сома   тегін  медициналық    көмек көрсетуге, 1 миллиардтан  астам   сома -  ардагерлер  үйлерін,     мүгедектерге арналған  үйлерді    ұстауға және    мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсетуге  жұмсалады.

2010 жылдың  бюджетінде  сондай-ақ,   Ұлы Жеңістің 65 жылдығын     тойлауға да қатысты   жеке  бап  қарастырылып  отыр.    Павлодарда    ардагерлерге арнап 90 пәтерлі  үй  салуға   390 миллион теңге бөлініп,     Ұлы Отан  соғысына қатысушыларға  материалдық көмекке    қаржы    қарастырылуда.

«Экономикадағы қиыншылықтарға  қарамастан, ұлттық бағдарламаларда  көрсетілген барлық міндеттемелер    келер жылдың  бюджетінде    толық сақталады, әлеуметтік  нысандар  салынады, әлеуметтік  проблемалар  шешіледі», деп  атап  көрсетеді   облыстық мәслихат депутаты Ерлан  Арын.

Депутаттар    ұсынылған құжатты   бірауыздан    бекітті.

Соңғы жаңалықтар