Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары жылу-электр орталығындағы күл үйінділерінің экологияға әсерін зерделеді

деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі. Бүгінде бұл нысандар талаптарға толық сай келеді.
Депутттарға ТЭЦ-3-те жаңа күл төгетін орын салу проблемалары туралы айтылды, оны іске қосу келесі жылға белгіленіп отыр. Жер қойнауын пайдалану туралы заңдағы жаңа өзгерістер энергетиктердің бөгет салуға құмдақ топырақ өндіруін және нысан құрылысын тоқтатуларына мәжбүр етті.
«Қазіргі күл үйіндісі 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді, - деп түсіндірді «Павлодарэнерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Шевцов. - Жаңа күл төгетін орын жасау ТЭЦ-тің үздіксіз жұмыс жасауы және аймақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін қажет, сондықтан бұл проблеманы шешу қажет».
Депутаттар энергетиктерге Үкімет пен Парламентке көмірмен жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушыларға лицензия алу схемасын оңайлату жөнінде ұсыныс түсіруге уәде берді.