Павлодар облысы арқылы өтетін республикалық тас жолдары қысқа дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы арқылы өтетін республикалық тас жолдары қысқа дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Амантай Қасымханов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

 - Павлодар облысының аумағы арқылы 1510 шақырым республикалық жол өтеді. Оның 343 шақырымында бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жолдардың 1167 шақырымы республикалық «Қазақавтодор» РМК-ға тиесілі. Компания қысқы мерзімге дайын. 210 тонна дизельдік отын, 105 тонна жанармай, 9800 тонна құм мен 905 тонна тұз қолданысқа әзір. Сонымен қатар, қар басатын жерлер анықталып, 680 метр қарға қарсы қоршаулар қойылды. Жалпы жолдарды қардан тазартуға 70 бірлік техника дайын, - деді Амантай Қасымханов.

Айта кетерлігі, облыс жолдарында 172 жылыту пункті құрылды. Олар қажетті жанар-жағармай және ақыз-түлік қорымен қамтылған. Бұдан басқа, уақытша «Тайғақ жол», «Максималды жылдамдықты шектеу» сынды 220 уақытша жол белгісі орнатылды.  

Соңғы жаңалықтар