09:46, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысы бойынша «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында «Туған жер-2010» автомотожүруі болады
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бұл күндері Павлодар облысының ауылдары «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты іс-шара аясында өтіп жатқан «Туған жер-2010» автоможүруі қатысушыларын қарсы алуда.
Оған қатысушылар - «Жолдар» павлодарлық жастар бірлестігінің мүшелері, бес күн ішінде Ақтоғай, Железі және Қашыр аудандарында болады.
«Осы жарысты «Жолдар» бірлестігінің жастары өздері ұйымдастырды. Біз осы патриоттық бастамаға қолдау білдірдік», - дейді «Нұр Отан» ХДП Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Арман Әлиакпаров.
«Туған жер-2010» акциясы қыркүйектің 26-сі күні Павлодарда өз мәресіне жетеді.