Павлодар облысы халқының саны 751мың адамнан асты

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Тамыз айының басындағы жағдай бойынша, Павлодар облысы халқының саны 751,9 мың адамды құрады, деп хабарлады статистика департаментінен. Олардың 66,8 пайызы - қалаларда, 33,2 пайызы - ауылдарда тұрып жатыр.
None
None

Ағымдағы жылдың жеті айында облыста 7 165 сәби дүниеге келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4 пайызға аз. Қалаларда жаңа туған балалардың саны - 5,7 пайызға, ауылдық жерлерле - 0,1 пайызға азайған. Бала туу көрсеткішінің жалпы коэффициенті әр 1000 адамға шаққанда -16,3 пайызды құрап отыр.

Аталған кезеңде қайтыс болғандардың саны 4 837 адамды құраған, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден 3,7 пайызға көп. Ал жеті айда некелескендер саны 7,7 пайызға артса, ажырасқандардың саны 8,6 пайызға көбейген.

Сондай-ақ, бұл аралықта өңірден елімізден тыс жерлерге 1 180 адам көшіп кеткен, 2009 жылғы көрсеткіш - 1667 адам болған-ды. Ал керісінше, ТМД және алыс шетелдерден облысқа көшіп келгендердің саны - 654 адам.

Соңғы жаңалықтар