08:41, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодар облысы кәсіпорындарындағы жарақаттану деңгейі - статистика
ПАВЛОДАР. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Былтырғы жылы Павлодар облысындағы кәсіпорындарда 242 оқыс оқиға болып, 24 адам қаза тапты,

деп хабарлайды статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Өндірістік орындардағы оқыс оқиғалардың бір себебі - жұмысшылардың абайсыздығы. Осының салдарынан 65 адам зардап шегіп, олардың сегізі көз жұмған.
55 адам жоғарыдан құлаған, жол-көлік апаттарынан - 33 адам, айналмалы механизмдердің жұмысынан 38 адам зардап шеккен.
Қайғылы оқиғалардың салдарынан 90 адам жабық түрдегі жарақаттар алса, 37 адам - сыртқы дене жарақаттарын, 15 адам ашық түрдегі жарақаттар алған.
Өндірістердегі оқыс оқиғаларға төленген материалдық шығындар 103 млн. теңгені құраған, оның 32 млн. теңгесі - еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама бойынша, қалғаны бірреттік жәрдемақы түрінде төленген.