Павлодар облысы оқу орындары оқытушыларының қысқы спартакиадасы үздік шаңғышылардың есімін атады

ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жеті қалалық және аудандық мұғалімдер, колледждер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының командалары «Жасыл тоғай» спорттық базасында өткен XIV қысқы спартакиадада шаңғы тебуден өткен жарысқа қатысты, деп хабарлады Павлодар облыстық білім беру басқармасы.
None
None

Жекелей есепте қалалық командалар ішінде Павлодар қаласынан Руслан Бачиев пен Майса Ескендірова үздік шаңғышылар атанды. Ауылдық педагогтер арасында Ертіс ауданынан Бәкібай Әміржанов пен Май ауданынан Анар Ахметбекова үздік нәтиже көрсетті.

Құрама эстафетада Павлодар командасы жеңімпаз атанса, аудандық командалар арасында Май ауданының шаңғышылары бірінші болды. 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар