Павлодар облысы өңірлер бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруда 2-ші орынды иеленді

ПАВЛОДАР. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады «Даму» қоры» АҚ аймақтық филиалы.
None
None

«БЖК» бағдарламасын іске асыру жобасы басталғаннан бері аймақтық үйлестіру кеңесі 104 жобаны мақұлдап, жалпы сомадағы 3 млрд. теңгеге субсидиялау бойынша 72 келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстанның өңірлері бойынша Павлодар облысы екінші орынды иеленді, ал бірінші орынға Қарағанды жайғасты.  Бағдарламаны іске асыру барысында «Цесна Банк», «БТА Банк» және «Нұрбанк» сияқты қаржылық институттардың бөлімшелері белсенді түрде атсалысты.

Экономика саласында өңдеу өндірісінің кәсіпкерлері қолдауға ие болды,  атап айтсақ 49 пайызы, сондай-ақ транспорт және қаттап тастаумен айналысатын бизнесмендердің 28 пайызы демеуқаржыға ие болды.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 11 644 жұмыс орны құрылып, қосымша 2 192 бос орын қызметкерлермен толықты. Олардың 1 825- і (83 пайызы) өңдеу өндірісінде жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар