09:22, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Павлодар облысында 1002 гектар далалық алқап жанып кетті
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 1002 гектар далалық алқап өртеніп кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 7 тамыз күні Павлодар облысының Ертіс ауданында дала өрті болды. Жалын тілі 1002 гектар жерді шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы, ерікті өрт сөндірушілер құрылымының және ауылдық аймақ әкімдігінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сол күні Павлодардағы «Гофротар зауыты» ЖШС-нің аумағында бөлек тұрған екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді. Жалын 60 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ салдарынан күйік жарақаттарын алған машинисттің 1991 жылғы оқушысы ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 19 адамы мен 3 техникасы қатысты.