19:06, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Павлодар облысында 12 жылдық мектепке арналған үздік арнайы курс байқауы жарияланды.
ПАВЛОДАР. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық Білім басқармасы «12 жылдық бейінді мектепке арналған үздік арнайы курсқа» байқау жариялады.
Байқауға жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты, олар сараптамаға 130 авторлық жұмыстарын ұсынған.
Шығармашылық сайыс оқытушыларға тәжірибесімен бөлісуге жақсы серпін берді, ұстаздарды кәсіби тұрғыдан өсуіне ынталандырды.
Құрамына Павлодар пединститутының, Инновациялық Еуразия университетінің жетекші ғалымдары, әдіскерлер мен Басқарма мамандары енген қазылар үздіктерді анықтайды.