08:26, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысында 66 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілді
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Ұлттық иммундау апталығы аясында алты жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы егу жұмыстары қосымша жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
Екпе жұмыстары қалалар мен аудандардың емханаларында, жұмыс істеп отырған барлық бала бақшаларда жүргізіліп жатыр, көлікпен шығып, егу жұмыстарын жүргізетін бригада құрылды. Облыста жалпы саны 66 307 бала қауіпті вирусты инфекциядан сақтандырылды.