Павлодар облысында АӨК дамытудың салааралық бағдарламасының жобасы талқыланды
Вице-министр жаңа бағдарламамен қарастырылған мемлекеттік қолдау механизмдері ДСҰ-ға келешекте кіру қарсаңында АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарылату үшін оңтайлы жағдай жасап отырғандығын атап өтті.
Агробизнес-2020 негізгі индикаторлары: Қаржылық сауықтыру, АӨК субъектіріне тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін жоғарылату, АӨК субъектілерін қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесін дамыту, АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін жоғарылату.
Бағдарламамен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға 6 қаржылық құралдар қарастырылған: қарыздардың кепiлдендірілуі мен сақтандырылуы, инвестициалық субсидиялар, несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлерін субсидиялау, қаржылық сауықтыру, екінші деңгейлі банктерді қорландыру.
Бұдан басқа бағдарлама шеңберінде фитосанитарлық, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша шаралар кешені әзірленбек.
Жалпы 2013-2020 жылдарға арналған АӨК дамыту бойынша Бағдарламасын іске асыру үшін 2 986,96 млрд. теңге қаржы қажет, атап айтқанда тауарлармен қызметтердің экономикалық қолжетімділігін жоғарылатуға бағытталған шараларға 75%, АӨК мемлекеттік қамсыздандыруды дамытуға 14%, қаржылық сауықтыруға - 10% жұмсалмақ.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді 1,5 есе ұлғайту; ауыл шаруашылығында бір жұмыскердің еңбек өнімділігін 3 есе көбейту; агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерінің экспорттық түсімдерін 20%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ республиканың азық-түлік қауіпсіздігін ішкі нарық есебінен 80% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр.