Павлодар облысында ауыл мәселелерін қамтитын аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы дайындалатын болады

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Дүйсенбі, қыркүйектің 6-сы күні Павлодар обысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізен кеңес барысында Лебяжі ауданындағы елді мекендердің өзекті мәселелері талқыланды.
None
None

Кеңес аймақ басшысының жұмыс сапары аясында өткізілді, облыс әкімі Лебяжі ауданына қарасты барлық 27 кент пен ауылды аралып, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады, өңірдің өзекті мәселелерін Лебяжі ауданының әкімі Серік Әпсәліков өз баяндамасында да айтып өтті.

Бақытжан Сағынтаев басқарма жетекшілері мен аудан әкіміне аудандағы мәселелердің шешімі тізімделетін бағдарлама жасауды тапсырды. «Облыстық бюджетке ғана сеніп отыруға болмайды, көптеген мәселелерді кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының көмегі арқылы сол жерде шешуге болады», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешу бағдарламасы әр ауданда дайындалып, келесі жылға арналған облыстық бюджет бекітілмей тұрып қарауға ұсынылатын болады.

Кеңеске ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, еңбекпен қамту басқармаларының бастықтары мен ауыл округтерінің әкімдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар