Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 8,5 пайызға артты

ПАВЛОДАР. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен жылы Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 8,5 пайызға артты, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы. Болжам бойынша жалпы өнім көлемі 85 млрд.теңгені құрайтын болады.
None
None

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 1,4 есе өсіп, бір адамға шаққанда 310,8 мың теңгеге жетті.

Жыл ішінде 12 жаңа өңдеу өндрістері мен дайындау пункттері пайдалануға берілді.

Тоңазытқыштармен және ауа баптағыштармен жабдықталған жалпы сыйымдылығы 62  мың тонналық 10 көкөніс қоймасы салынды және жаңартылды. Аймақта жеміс-көкөніс сақтайтын жалпы сыйымдылығы 152 мың тонналық 92 көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Бұл маусым аралығында облыс халқын көкөніспен және картоппен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар