Павлодар облысында ауыл жастарының форумы ашылады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -Бүгін, тамыздың 18-і күні Павлодар облысында ауыл жастарының форумы ашылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Оған аймақтағы аудандар мен ауылдардан келген 65 жас көшбасшы қатысады. Облыста Ауыл жастары одағы ашылып, Шарбақты, Успен, Қашыр және Лебяжі аудандарындағы жастардың үкіметтік емес ұйымдарының қызметі едәуір жанданған. Форум барысында белсенділер тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқыға салады.

Екі күн бойы форумға келген жастар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тарапынан өтетін семинарларға қатысады.

Аудан командалары арасында спорттық сайыстар да ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар