Павлодар облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - АП-162/4 түзету мекемесінде Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және бейімдеу орталығының қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар үшін кездесу өткізді, деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
None
None

ҚАЖ департаментінің өкілі Борис Гаврилюктің айтуынша, шараның басты мақсаты - сотталғандарды босатуға әзірлеу және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққандарды одан кейін өмірге бейімдеу, сондай-ақ қауіпті қылмыстардың алдын алу болды.

Аймақтың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары сотталғандарға өнеркәсіп нысандарындағы еңбек нарығына сұраныс туралы хабардар етті. Кейбір жұмыстар бойынша 27 сотталған адам жекелей консультациялар алды, олардың босап шығу уақыты жақындап қалды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарды бейімдеу орталығының маманы А.Б.Уәлитова орталықтың құқықтық және заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысы, тұрмыстық жайластыру жайы туралы айтып берді.

Мұндай пайдалы шаралар облыстың барлық түзету мекемелерінде жүргізілуде, деп атап өтті Б.Гаврилюк.

Соңғы жаңалықтар