Павлодар облысында бір өрт ошағы ауыздықталды - ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен соңғы ақпараты бойынша, Павлодар облысында бір орман өрті ауыздықталды.
None
None

Сағат 12.50-дегі жағдай бойынша, Жабағылы ауылының маңындағы өрт ошағы ауыздықталды. Төтенше оқиға орнынан адамдар қауіпсіз жерге жедел көшірілді. Елді мекендер табиғи өрт ошағынан аман алып қалынды, деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті. Келіссөз барысында трансшекаралық өрт ошақтарын сөндіру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар талқыланды.

Қазір өрт сөндіруші күштер мен құралдардың бір бөлігі Ресей Федерациясының шекарасына қарай ауыстырылып жатыр, себебі ресей жағынан Қазақстанның аумағына өрт келу қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар