Павлодар облысында «БЖК-2020» жаңа бағдарламасына қатысуға ауылдық кәсіпкерлер тартылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы ауқымында кәсіпкерлер үшін жаңа тартымды құралдар жайында бүгін әкімдікте өткен кеңесте Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Жармағамбетов айтып берді. Бұл туралы облыс басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«2016 жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеу, қаржы ұйымдарының шағын несиелеріне пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және шағын несиелеу ұйымдарының заемдары бойынша кепілдіктер беру қолданылады», - деп атап өтті А.Жармағамбетов.

Биылғы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді, оның 2,1 млрд. теңгесі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға, 74 млн. теңгесі - несиелер бойынша банктер кепілдіктерін беруге, 14 млн. теңгесі - кәсіпкерлер гранттарына және 1,18 млрд. теңгесі - өндірістік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ.

Сондай-ақ А.Жармағамбетов БЖК-2020 жобаларының 59 пайызы Павлодарға, 41 пайызы - моноқалаларға және 7 пайызы ғана - ауылдық жерлерге шоғырланғанын атап өтті.

Кеңесте облыс әкімінің міндетін атқарушы Дүйсенбай Тұрғанов қалалар мен аудандар әкімдеріне, кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына ауыл кәсіпкерлерінің «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай жаңа бағдарламасына көбірек қатысуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруды аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар