Павлодар облысында Ертіс және Железин аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды

 ПАВЛОДАР. 18 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Ертіс және Железин аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды .
None
None

Ертіс аудандық мәслихатының келісімімен, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның өкімімен Жанат Рашитұлы Шұғаев Ертіс ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Ж. Шұғаев 1960 жылы туған. 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Павлодар ауданының Маяк совхозында бастады, одан кейін Павлодар аудандық ауылшаруашылық бірлестігінің бас агрономы, партком хатшысы, «Маяк» совхозы директорының орынбасары болып қызмет істеді.

1991-2003 жылдары - ШК бас директоры, «БАТТ Корпорациясы» өкілі, «Смирнов элеваторы» АҚ директоры, «Қиялы Астық» ЖШС директоры қызметтерінде болды.

2003 - 2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, «Мамлют ұн тарту комбинаты» ААҚ  президенті. 2007-2009 жылдары «Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС бас директоры. 2009 жылғы қаңтардан бүгінгі күнге дейін Железин ауданының әкімі қызметінде болды.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның өкімімен, Железин аудандық мәслихатының келісімімен Қайрат Теміршотұлы Нүкенов Железин ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қ.Т. Нүкенов 1970 жылы туған, 2002 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын бітірді.

Еңбек жолын Железин ауданының «Железин» кеншарының № 2 бөлімшесінде жұмысшы болып бастады. Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтегеннен кейін Павлодар қаласындағы «Павлодар Тұрғынүйқұрылыс» ЖБ-де экспедитор болып жұмыс істейді.

1992-1997 жылдары - «Капитал» шағын кәсіпорнының сауда жөніндегі директорының орынбасары, «Марат и компания-2» ТС директоры болады.  

1997-2010 жылдары - Павлодар қаласында бірқатар кәсіпорындардың директоры болды.

2010 жылғы қаңтардан осы уақытқа дейін Железин ауданының «Нүкер» ӘКК төрағасы қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар