Павлодар облысында І тоқсанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 39 жоба мақұлданды

ПАВЛОДАР. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың бірінші тоқсанында павлодарлық кәсіпкерлер облыстық үйлестіру кеңесі мақұлдаған 39 жобаны жүзеге асыруға кірісті.
None
None

Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалынан хабарлады.

Кәсіпкерлер мемлекеттің шағын бизнеске қолдауын жоғары бағалады. ««Жол картасы» бағдарламасына қатысудың арқасында арнайы жұмыс киімін тігуге бағытталған кәсіпорнымыздың қызметін кеңейте алдық, - деп атап өтті «ҚазКәсібиҚауіпсіздік» ЖШС жетекшісі Дамир Алпысбаев. - 2011 жылы аумағы 580 шаршы метрді құрайтын нысанды сатып алып, онда үш цехті, сауда залын, кеңсе мен қойма орындарын аштық. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша демеуқаржыландыру келісімін жасап, оған сәйкес несиенің жылдық үстемеақы пайызы 14-тен 7-ге дейін төмендетілді. Мемлекеттің көмегі қарызды өтеу бойынша шығынымызды әлдеқайда азайтты. Осының арқасында бүгінгі таңда өзіміздің жеке қаржымызды шикізатты және құрылғыларды сатып алуға, жаңа модельдерді іске қосуға және қосымша жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндігіміз бар».

Соңғы жаңалықтар