Павлодар облысында Индустрияландыру картасы аясында 5,8 мың жұмыс орны ашылады
Аталмыш жоба шеңберінде 5,8 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын талқылау бойынша өткен облыс активінің отырысында аймақ басшысы Қанат Бозымбаев мәлім етті.
«Биыл Индустрияландыру картасының үш жаңа жобасы іске қосылды. Сонымен қатар қосымша үш жоба аяқталуға жақын. Оның екеуі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында іске қосылады. Қазіргі таңда Индустрияландыру картасы бойынша қолданысқа енгізілген 71 нысанның 68-і толық қуаттылығына көшті. Бұдан басқа, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде 5,1 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба жоспарланған. Бұл соманың 3,8 млрд теңгесі игерілді. Бүгінде екі жоба аяқталуға жақын. Оның бірі - Павлодар қаласындағы Димитров көшесі бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй. ТҮКШ инфрақұрылымы және жылумен, сумен қамту жүйелерін жаңғырту, су тарту бойынша 3,3 млрд теңгеге сегіз жоба жүзеге асырылады, - деді Қ. Бозымбаев.