Павлодар облысында «Қамқорлық» айлығының қорытындысы шығарылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Қыркүйектің 15-і мен  қазанның 15-і аралығында  өткен  «Қамқорлық» айлығының   барысында    Павлодар облысының    әлеуметтік жағдайы төмен   115 мыңнан    астам тұрғыны ақшалай көмек,  
None
None

азық-түлік  өнімдерін,   киім-кешек,  отын  және  қораларындағы  малдары  үшін жем-шөп  алды.  

Мұқтаждарға жалпы алғанда      239,2  миллион  теңге соманың көмегі    көрсетілді,  бұл  былтырғы жылғы көрсеткіштен   50 миллион  теңгеге артық,  деп     хабарлады   еңбекпен қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Қайырымдылық айлығына дайындық   ертерек басталды,  қалаларда  еңбек  ұжымдарымен    байланыстарын   жоғалтқан  немесе   басқа аймақтардан  көшіп келген   зейнеткерлер  үшін  «жедел  байланыс»  телефондары  жұмыс істеді.  Ағымдағы жылы  алғаш рет   жаңа әлеуметтік   бастамалар    пайда  болды - «Тяньши»  фирмасының  өкілдері     30-дан астам мүгедекті   сауықтыру  өнімдерімен қамтамасыз  етіп,  қайырымдылық  шарасын   ұйымдастырды. 

«Жаңа  буын»    халықаралық білім беру  орталығы    ағылшын тілін  оқыту  үшін  тұрмысы төмен отбасылардан   мүгедек-балалардың  тегін тобын   жасақтады.   Екібастұзда   кәсіпкерлер  мұқтаждық көрген  қарияларға   электр қуаты  үшін борыштарын төлеуге  көмектесті,    есептеу құралдарын     орнатып берді.  Ал   туризм,    дене  шынықтыру  және  спорт басқармасы  зейнеткерлерді  барлық   спорт залдары мен  секцияларға тегін кіргізу туралы     әлеуметтік  қызметтің бастамасын   қолдады.

Соңғы жаңалықтар