Павлодар облысында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ әріптес-жеткізіп берушілерінің аясы кеңейе түсуде

ПАВЛОДАР. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Сұлтановтың пікірінше, павлодарлық тауар өндірушілермен тығыз байланыстың арқасында аймақтағы сатып алу үлесі өткен жылғы межеден асып отыр.
None
None

Ұлттық компания басшыларының Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесуі «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ сатып алуларындағы қазақстандық үлестің артуына арналды.

Өткен жылы аймақтың тауар өндірушілері «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-мен жасасқан шарт бойынша 20 млрд. теңгенің тауарлары мен қызметтерін жеткізіп берді. «Қазэнергиякәбіл», «Павлодар машина жасау зауыты» және «Стальмонтаж» кәсіпорындары теміржолшылармен белсенді ынтымақтастық орнатты.

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ қазір облыс кәсіпорындарымен 351 млн. теңгенің тауарлары мен қызметтерін жеткізіп беруге шарт жасасты.

Соңғы жаңалықтар