Павлодар облысында Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерін аттестаттау «ашық» өткізіледі

ПАВЛОДАР. 18 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауға дайындау аяқталуда, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
None
None

Аймақтық деңгейде аттестаттаудан контрабандаға қарсы күрес басқармасы мен жедел-кезекшілік қызметінің 27 адамы өтетін болады.

Биылғы жылдың тамызында олар психологиялық тұрақтылық тестілеуінен өтіп, дене шынықтыру бойынша аралық сынақты тапсырды.

Аттестаттау кезіндегі максималды әділдік және ашықтық мақсатында комиссия құрамына «Нұр Отан» ХДП, «Атамекен» ҚҰЭП мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ кеден қызметінің ардагерлері енетін болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум