Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қорғаудың 103 қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді

ЛОДАР  ОБЛЫСЫ.  Қарашаның 3-і.   ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының  қалалары мен  ауылдық  аудандарында   қоғамдық тәртіпті  қорғаудың  103  қоғамдық  бірлестігі  жұмыс істейді,
None
None

 деп  хабарлады    Ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен.

 Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов  жақында аймаққа   жасаған  сапарының барысында   павлодарлық полицейлермен    болған  кездесуде  осы   қызметтің   маңыздылығын   баса  атап  көрсетті.

 «Қоғамдық көмекшілерден  біз   кейін  полицияға   жұмысқа алу мақсатында  кадрлық  резерв  жасақтай  аламыз.  Қоғамда     оң  үрдіс  байқалып  келеді - көп  жас жігіттер  өздерінің кәсіби  қызметтерін     құқық қорғау  органдарымен   байланыстыруға  ниетті», деп атап көрсетті  министр  өз сөзінде.

 Құқық қорғаушы  жасақтардың   қатарында  3 368 адам бар.    Полицияның  ерікті көмекшілерін  ынталандыру  үшін  облыстық бюджеттен  1,5 миллионнан астам теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар