Павлодар облысында көтерме сауда көлемі өсуде

ПАВЛОДАР. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында 2011 қаңтар-тамыз айларында көтерме сауда айналымы 237,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен саыстырғанда 79,7 пайызға артты, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

1 қыркүйекке көтерме саудадағы кәсіпорындарда тауар қоры 21,4 млрд. теңгені құрады.

Аймақта сегіз айдың ішінде бөлшек сауда көлемі 90 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға өсті.

Жалпы тауар айналымында бөлшек саудамен айналысатын базарлардағы жеке кәсіпкерлердің сату үлесі 63,1 пайыз болып, сауда кәсіпорындарының үлесі 36,9 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар