Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі 273 бала компьютерге ие болады

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бүгін Успен ауданында Павлодар облысында тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі 273 оқушы баланың алғашқы тобы жеке компьютерлерге ие болады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Компьютерлер «Павлодар - біздің ортақ үйіміз» қоғамдық бірлестігінің ықпал етуімен «Богатырь-Көмір» фирмасы көрсеткен көмегі арқылы сатып алынды.

Үйінде білім алатын мүгедек балалар сапалы білім алуы үшін облыста қашықтан оқыту енгізілді. Аталған жұмысты ұйымдастыру үшін «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясына Интернет желісіне қосуды қажет ететін 340 баланың тізімі жіберілді.

Бүгінгі күні «Start» тарифтік жоспары бойынша кең жолақты Интернет желісіне (Меgalin) тегін қосу мәселесі шешілді. Интернет желісіне қосу компьютерлерді және телефондарды орнатылғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.

Аталған акция жалғасатын болады. Әрбір бала оқу пәндері бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері психологиялық-педагогикалық консультацияның дефектологтарымен бірлесіп баланың диагнозын есепке алумен оқулықтар әзірлеуде.

Соңғы жаңалықтар