11:08, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодар облысында мұз үстіндегі өткелдер жабылуда
ПАВЛОДАР. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертіс өзенінің үстіндегі мұз өткелдері бүгін соңғы күн жұмыс істейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Наурыздың 15-інен бастап Павлодар облысындағы барлық мұзүсті өткелдері жабылады, деп хабарлады облыстық судағы құтқару қызметі бастығының орынбасары Виталий Тұрысов. Өзендердегі мұз қабаттары күн сайын жұқарып отырғандықтан, мұзүсті өткелдері адамдар үшін қауіпті болып отыр. Өткелдер арқылы мұзға шығуға тыйым салынғандығын ескерткен қалқандар орнатылуда.